Жаңа туған баланы алғаш көрген сәтте «көрімдік» сұрау халықтың ежелгі және лайықты дәстүрі. Мұның маңызы адамгершілігін, ниетін, ашық қолдығын да танытудың белгісі ретінде қаралады. Бала дүниеге келген күні қазақ шілдехана тойын жасайды. Шілдеханада түнімен ән айтылып, күй тартылған. Жас босанған әйелді түн күзететін болған. Сол түні ән мен жыр, күмбірлеген күй түні бойы бір толастамаған екен.