Бұл сабақта біз «Тау ішінде» әні арқылы табиғат, қозғалыс, ат бейнесі, түнгі көңіл күй және қазақ поэзиясындағы табиғат суретін талдаймыз. Осы әнде кейіпкер таудың ішінде келе жатыр. Бірақ ол жай жүріс емес, әнмен, атпен, табиғатпен бірге қозғалған поэтикалық сапар. Бұл бейнесабақтағы әріптерді, дыбыстарды және фонетикалық ерекшеліктерді түсіну үшін осы сілтемедегі кіріспе видеоны көруіңізге болады:
https://abai.institute/learn/dimash-songs/4
«Мен келем тау ішінде түнделетіп»
Ж1: «Мен келем тау ішінде түнделетіп». «Мен келем» – қозғалыс, осы шақ. «Тау ішінде» – орын. «Түнделетіп» – түнде жүру, түнге қарай әрекет ету. Бір жолда адам, орын және уақыт қатар беріледі.
Ж2: Бұл жолды карта сияқты көрсетеміз: кім? қайда? қашан?
Экран/монтаж: мен келем; тау ішінде; түнделетіп.
«Аймақты күңірентіп өлеңдетіп»
Ж1: «Аймақты күңірентіп өлеңдетіп». «Аймақ» – айнала, кең өңір. «Күңірентіп» – дыбыстың кеңге жайылып, терең естілуі. «Өлеңдетіп» – әндетіп, өлең айтып. Бұл жол дыбыстың кеңістікті толтыруын көрсетеді.
Ж2: -іп/-ып формасы әрекеттің қалай жасалғанын көрсетеді.
Экран/монтаж: күңірен + тіп; өлең + дет + іп.
«Астымда ақ боз атым сылаң қағып»
Ж1: «Астымда ақ боз атым сылаң қағып». «Астымда» – менің астымда, яғни мініп келе жатқан атым. «Ақ боз ат» – түсі ашық, дәстүрлі тұлпар бейнесі. «Сылаң қағып» – сымбатты, ерке қозғалу.
Ж2: Қазақ мәдениетінде ат бейнесі өте маңызды.
Экран/монтаж: аст + ым + да; ақ боз ат; сылаң қағу.
«Жалтақтатып құлақтарын елеңдетіп.»
Ж1: «Жалтақтатып құлақтарын елеңдетіп.». «Құлақтарын» – аттың құлақтары. «Елеңдетіп» – дыбысқа, қозғалысқа елең ету. Бұл жол аттың сезімтал бейнесін береді.
Ж2: Ат жан-жағына жалтақтап, құлақтары елеңдеп келе жатыр.
Экран/монтаж: құлақ + тар + ы + н; елең + дет + іп.
«Ақ боз ат – менің тұлпарым»
Ж1: «Ақ боз ат менің тұлпарым,». «Тұлпар» – жай ат емес, жүйрік, асыл ат. «Менің» және -ым жалғауы иелік мағына береді. Кейіпкер атын меншіктей сөйлейді.
Ж2: Бұл жерде иелік формасы бар: менің тұлпарым.
Экран/монтаж: менің; тұлпар + ым. Ақ боз аттың суреті.
«Шалқыған көңіл, сұңқарым»
Ж1: «Шалқыған көңіл сұңқарым». «Шалқыған көңіл» – кең, көтеріңкі көңіл. «Сұңқарым» – асқақ құсқа теңеу. Көңілдің өзі ұшатын құс сияқты беріледі.
Ж2: Адам көңілін киелі құс сұңқарға теңеп тұр.
Экран/монтаж: көңіл; сұңқар + ым; шалқыған.
Сұңқар — сұңқартәрізділер отрядына жататын, өте шапшаң әрі қырағы жыртқыш құстар тұқымдасы (лат. Falconidae). Олар саятшылықта бағаланатын, тегеурінді әрі епті құстар қатарына жатады.
«Көкірек керіп жұттым мен»
Ж1: «Көкірек керіп жұттым мен». «Көкірек керу» – кеудені кең ашу. «Жұттым» – жұту, ішке тарту. Бұл жерде ауа мен еркіндік сезімі бар.
Ж2: Ішке дем алып, ауаны тереңінен жұтамыз.
Экран/монтаж: көкірек керу; жұт + ты + м.
«Ауаның жазғы жұпарын»
Ж1: «Ауаның жазғы жұпарын». «Жазғы» – жаз мезгіліне қатысты. «Жұпар» – хош иіс. Кейіпкер тек қана дем алмайды, ауаның жұпарын сезеді.
Ж2: Табиғатқа қатысты сөздер: ауа, жаз, жұпар.
Экран/монтаж: ауа + ның; жаз + ғы; жұпар + ын.
«Аха-ааа-ау, сүмбіл шаш»
Ж1: «Аха-ааа-ау, сүмбіл шаш». «Аха-ааа-ау» – көңіл күйді білдіретін сөз. «Сүмбіл шаш» – қалың, әдемі, төгілген шашқа арналған поэтикалық тіркес.
Ж2: Бұл жолда ән табиғаттан адамға ауысады.
Экран/монтаж: әй; сүмбіл шаш. Шаштың суреті.
«Тәтті сөзің»
Ж1: «Тәтті сөзің». «Тәтті» әдетте дәмге қатысты, бірақ поэзияда сөзге де айтылады. «Сөзің» – сенің сөзің. Бұл жерде адамның сөзі «балдай тәтті» әсер береді.
Ж2: тәтті сөз.
Экран/монтаж: тәтті; сөз + ің. Сөздер шығып жатқан сурет, сөзден тамақтың иісі бұрқырап тұрғандай анимация керек.
«Қара көзің»
Ж1: «Қара көзің». «Қара көз» – қазақ лирикасында жиі кездесетін сұлулық белгісі. «Көзің» – сенің көзің.
Ж2: Бұл тіркесті «қара көз» мәдени образы ретінде береміз.
Экран/монтаж: қара көз; көз + ің. Қара көзді қыздың суреті.
«Білгейсің келгенімді жалғыз өзің»
Ж1: Қазір осы жолды тыңдаймыз: «Білгейсің келгенімді жалғыз өзің.». «Білгейсің» – тілек, өтініш реңкі бар көне/поэтикалық форма, біл деген мағынаны білдіреді. «Келгенімді» – менің келгенім. «Жалғыз өзің» – тек сен ғана. Бұл жолда жасырын сыр бар.
Ж2: Яғни менің келгенімді өзің ғана біл.
Экран/монтаж: кел + ген + ім + ді; жалғыз өзің.
«Ән салдым есіп майда жаяулатып»
Ж1: «Ән салдым есіп майда жаяулатып». «Ән салдым» – ән айттым. «Есіп» – самалдай есу, жай қозғалу. «Майда» – жұмсақ, нәзік. «Жаяулатып» – баяу, жеңіл ырғақпен қозғалу.
Ж2: Бұл жолдаөздердің өзі баяу қозғалады.
Экран/монтаж: ән салу; ес + іп; майда; жаяулатып.
«Ырғалтып, шырқап, толғап, баяулатып.
Ж1: «Ырғалтып, шырқап, толғап, баяулатып.». Бұл жол түгел етістік формаларынан тұрады: ырғалтып, шырқап, толғап, баяулатып. Бірінен кейін бірі келетін көсемше формалары әннің қалай айтылғанын көрсетеді.
Ж2: Мұнда бірнеше әрекет образ арқылы берілген.
Экран/монтаж: ырғал + тып; шырқа + п; толға + п; баяулат + ып.
«Толқындай мың құбылған әнімді естіп»
Ж1: «Толқындай мың құбылған әнімді естіп». «Толқындай» – толқын сияқты. «Мың құбылған» – сан түрлі өзгерген. «Әнімді естіп» – әнімді тыңдап. Ән судың толқыны сияқты өзгеріп тұрады.
Ж2: Бұл жерде -дай теңеу жұрнағын тағы бекітеміз.
Экран/монтаж: толқын + дай; мың құбылған; ән + ім + ді.
«Тыңдарсың кірпік қақпай ояу жатып»
Ж1: «Тыңдарсың кірпік қақпай ояу жатып». «Тыңдарсың» – сен тыңдарсың. «Кірпік қақпай» – көз ілмей, ұйықтамай. «Ояу жатып» – сергек күйде жату. Бұл жол әннің тыңдаушыны ұйықтатпай баурайтынын білдіреді.
Ж2: «Кірпік қақпай» міне былай, көзді жұмбай (көзін ашып-жұмып көрсетеді)
Экран/монтаж: кірпік қақпау = ұйықтамау, көз алмай қарау/тыңдау. Кірпік қағып тұрған сурет.
«Ақ боз атым қояндай»
Ж1: «Ақ боз атым қояндай,». «Қояндай» – қоян сияқты. Мұнда аттың жеңіл, шапшаң, епті қозғалысы айтылады. -дай жұрнағы тағы теңеу жасайды.
Ж2: Байқайсыздар ма, теңеу жасайтын -дай жұрнағы қайталанып тұр.
Экран/монтаж: қоян + дай; ақ боз атым.
«Еркелеп басар аяңдай»
Ж1: «Еркелеп басар аяңдай». «Еркелеп» – нәзік, ерке қимылмен. «Басар» – басады, жүреді. «Аяң» – аттың жай жүрісі. Аттың қозғалысы адам мінезі сияқты суреттеледі.
Ж2: Бұл жолда жануарға адамға тән мінез берілген.
Экран/монтаж: еркеле + п; аяң; бас + ар.
«Тербеді даусым ауаны»
Ж1: «Тербеді даусым ауаны». «Тербеді» – шайқады, ырғалтты. «Даусым» – менің даусым. «Ауаны тербеу» – дыбыстың кеңістікке тарауын бейнелейтін метафора.
Ж2: «Дауыс ауаны тербейді» деген поэтикалық ой жатыр.
Экран/монтаж: дауыс + ым; ауа + ны; тербе + ді.
«Дыңылдап қалқып баяулай»
Ж1: «Дыңылдап қалқып баяулай». «Дыңылдап» – дыбыстың жіңішке, созылыңқы естілуі. «Қалқып» – ауада қалқып тұрғандай. «Баяулай» – баяулап. Дыбыс қимыл сияқты берілген.
Ж2: Бұл жолда дыбысты сурет ретінде көреміз.
Экран/монтаж: дыбыс; қалқу; баяулау.
Тармақ: «Аха-ааа-ау, сүмбіл шаш»
Ж1: «Аха-ааа-ау, сүмбіл шаш». Қайталанған қаратпа. Мұнда көрермен алдыңғы мағынаны еске түсіреді: сүйікті адамға бұрылу, назар аудару.
Ж2: Сүмбіл шаштың мағынасын еске түсірейік.
Экран/монтаж: Қайталау: сүмбіл шаш.
«Тәтті сөзің»
Ж1: «Тәтті сөзің». Қайталау.
Ж2: Көрерменге сұрақ: «Тәтті сөз» тура ма, ауыспалы ма?
Экран/монтаж: тәтті сөз = жағымды сөз.
«Қара көзің»
Ж1: «Қара көзі». Қайталау.
Ж2: «Қара көз».
Экран/монтаж: қара көз. Қара көздің суреті.
«Білгейсің келгенімді жалғыз өзің»
Ж1: «Білгейсің келгенімді жалғыз өзің». Қайталау. Бұл жолда сыр, құпия кездесу, «тек сен біл» деген реңк бар.
Ж2: «Жалғыз өзің» тіркесін қайталаймыз.
Экран/монтаж: жалғыз өзің = тек сен.
Ж1: Бүгінгі негізгі тілдік үлгілер: «тау ішінде», «түнделетіп», «ақ боз ат», «көңіл шалқыды», «тәтті сөз», «кірпік қақпай».
Ж2: Тапсырма: табиғатқа байланысты бір қазақша сөйлем жазыңыз. Мысалы, «Тау ішінде ән естілді» үлгісін өзгертіп көріңіз.
Экран/монтаж: Тапсырма: «Тау ішінде ...».