Абай институты қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы аясында «Мені өзгерткен Абай» атты мотивациялық челлендж өткізіп жатыр. Бұл эстафетаның мақсаты – Абайдың сөзі әр адамның өміріне қалай әсер еткенін түсіндіру арқылы даналығын және рухани асыл мұраларын насихаттау.
Қатысушылар Абайдың бір сөзі (қанатты сөзі) өз өмір жолын қалай өзгерткенін айтып, жеке тәжірибелерімен бөлісіп жатыр. Қазірге дейін эстафетаға: «Хабар» агенттігі» АҚ Алматы филиалының директоры Серік Әбікенұлы, айтыскер ақын Бақыт Жағыпарұлы, «Жетісу» телеарнасының бағдарламалар продюсері Гүлжан Қызайбай мен “Jetisu” қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Жұматай Оспанұлы қатысты. Эстафета әлі де жалғасып жатыр. Қатысушылар өзі таныған, өз Абайымен бөлісіп, қайталанбас тұлғаның әр қазақтың жадында әртүрлі интерпретацияда түйлейтінін байқатып жатыр.
Фотосурет: gov.kz