Онлайн біліктілік арттыру курсы өз жұмысын аяқтады

Онлайн біліктілік арттыру курсы өз жұмысын аяқтады

Абай институты ұйымдастырған «Қазақ тілін үйрету: отандық және шетелдік тәжірибе» тақырыбындағы онлайн біліктілік арттыру курсы өз жұмысын аяқтады. Жалпы, курсқа қазақ тілін үйретіп жүрген 80-нен аса маман тіркеліп, оның 53-і сертификат алды. Курстың соңғы күніндегі алғашқы дәрісті Тұран университетінің оқытушысы, Алдабергенова Майра Тұрсынқызы бастады. Ол қазақ тілін оқытудағы тілдік орта мен цифрлық құралдардың рөлі туралы сөз қозғады. Сонымен қатар, курстың соңғы күніне ЕҰУ-нің оқытушысы, Әлиасқар Әйгерім Сапарбекқызы қатысты. Оның дәрісі «Тіл үйретудегі психотерапиялық фактор» тақырыбына арналды. Соңғы дәріс Texas A&M университетінің оқытушысы, Жұмашова Жұлдыз Аманбайқызының презентациясымен аяқталды. Ол қазақ тілін шетелдіктерге үйрету тәжірибесімен бөлісіп, әдістемелік ізденістер мен практикалық нәтижелер жайлы түсіндірді.

Бөлісу