Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған халықаралық онлайн сабақ өтті

Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған халықаралық онлайн сабақ өтті

2025 жылғы 10 қазанда Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «Абай институты» қазақтың ұлы ойшылы, ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған ашық сабақ өткізді.

Ашық сабаққа Ұланбатыр, Ыстанбұл, Анкара, Париж және Будапешт қалаларындағы қазақ тілін үйренушілер қатысты. Іс-шараның модераторлары – ELTE университетінің оқытушысы, этнограф Оңайша Мандоки және Абай институтының Будапешттегі оқытушысы Богларка Фехер болды.

Ашық сабақты Қазақстан Республикасы Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ербол Тілешов құттықтау сөзбен ашты. Сонымен қатар, Қазақстанның Мажарстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Абзал Сапарбекұлы, “Barsz” қорының президенті Гал Андраш және белгілі түрколог Шомфай Қара Дәуіт сөз сөйлеп, Абай мұрасының әлемдік мәдениет пен руханияттағы маңызын атап өтті.

Бөлісу